Ғылыми жұмыстарды рәсімдеу және қорғау әдістері
Ғылыми-практикалық семинардың ашылуы. Директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Джолдасова Ж.А.
Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.
ІІ. Топқа бөлу. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу, слайд арқылы әр фигураның өзіндік ерекшелігін айтып беру
Квадрат. Сізде төзімділік, шыдамдылық,
еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және
жүйелеу қабілетіңіз баршылық. Сізден үздік администратор шығады
Зигзаг. Сізде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары
қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетіңіз,ой- өрісіңіз дамыған. Сізде
табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңызға қабілетті адамдарды жинай аласыз.
Сізді шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға
төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер.Сізде адамгершілік жоғары дамыған.
Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның
қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесіз,басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетіңіз
жоғары қалып-тасқан. Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес,
өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз. Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш. Сізге басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген
мақсатыңызға қол жеткізуге барлық мүм-кіншілігіңізді жасайсыз. Өзіңе сенімдісіз
және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесіз. Айтқаныңыздан шықпайсыз,
абыройлысыз. Сіз қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесіз,
жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.
Көпбұрыш. Сізде өмірге
деген құлшыныс басым. «Білсем, көрсем, үйренсем» деген ой мазалайды. Өмірде болып жатқан жаңалықтармен бөлісіп отырасыз .Көпшілсіз,
ашықсыз, көздеген мақсатыңызға жетпей қоймайсыз. Сіз өмірде өте көңілді
адамсыз.
Мұғалімдер өздері қалаған геометриялық
фигураларды алады,сол арқылы топтарға бөлінеді 3 минут Геометриялық фигуралар,
слайд
ІІІ. «Ғылыми жұмыстарды рәсімдеу және қорғау әдістері» (теориялық бөлім)
І- топ . Ғылыми жоба тақырыбын қалай таңдау керек? (Иманбердиева Г.К.)ІІ- топ. Ғылыми жобаны қалай жазу керек ? (Үсіпбекова Н.Б.)
ІІІ- топ. Практикалық бөлімді қалай жүргізуге болады (Елемесова Д)
ІV- топ. Оқушы ғылыми жобаны қалай қорғау керек (Жаксылыкова А.З.)
V – топ. Ғылыми жоба күнделігін толтыру үлгісі (Джангазиева А.Т., Рахматуллаев С.К.)
ІV. Ғылыми жоба жазу үлгісі. (практикалық бөлім)
Әр топқа ( қамшы, көк шай, жаңғақ,емдік өсімдіктер, пияз) заттарды таратып беру. Олар осы заттарға байланысты шағын ғылыми жоба жазып, қорғайды
І- топ. Ит. «Ит жеті қазынаның бірі»
ІІ- топ. Тұз. «Тұздың денсаулыққа пайдасы»
ІІІ- топ. Өсімдік. «Өсімдіктердің адамға пайдасы»
ІV- топ. 7 шелпек «Киелі жеті сан»
V – топ. Қамшы. «Қазақтың ең қасиетті бұйымы-қамшы»
V. Қорытынды сөз. Ойтүйін
- Бір-бірімізден жақсылығымызды аямайық, үйрете жүріп, өзіміз де үйренуден жалықпайық!