Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары
Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектебінде өткізілген
«Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум
12.12.2017 жылы Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектепте мектепалды даярлық сыныптарында «Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.Семинар практикумның мақсаты: мектепалды даярлық сыныптарында білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы бағыт-бағдар беру.
Семинар-практикумға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің «Мектепке дейінгі мекемелер, мектепалды даярлық және «Өзін-өзі тану» пәні бөлімінің жетекшісі Жаманқұлова С.А. мен осы бөлімніңәдіскері Манапбаева А.К., Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері Амирбекова Қ.С. қатысты.
Семинар барысында Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Амирбекова Қ.С. «Мектепалды даярлық сыныптарында білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында жүргізілген ақпараттық сессия барысында мектепке дейінгібалаларды тәрбиелеудеинновациялық технологиялардың маңыздылығы туралы таныстырды.
Семинарға облыс және қала көлеміндегі мектептердің мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері қатысып, өз әріптестерімен тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар туралы айтылып, өзара пікір алмасты.
«Пути повышения качества образования» - Станишевская Н. (№2 ОМ)
«Мектепалды даярлық сыныптарында білім берудің мазмұны мен сапасын арттырудың тиімді жолдары»- Нусубалиева Қ.Қ. (№48ОМ)
Дмитрий Карбышев атындағы №16 орта мектептің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешілері М.Оспанованың «Сауат ашу негіздері» «Ұ дыбысы,ұ әрпі. Ұшты, ұшты ойыны», Е.Шушакова ның «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» «Последовательности и закономерности» ,№26 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі А.Қасымова «Сөйлеуді дамыту» тақырыбында өткізілген ұйымдастырылған оқу қызметтері өте жақсы өтті. Оқу үрдісі барысында жаңартылған білім беру жағдайында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және ұйымдастырылған оқу қызметінде оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін сабақ үрдісіне енгізу жолдарын көрсетті.
Ұйымдастырылған оқу қызметтері:
«Последовательности и закономерности» Шушакова Е.С.-№16 орта мектептің МДТ тәрбиешісі
Ұ дыбысы, ұ әрпі ұшты, ұшты ойыны» Оспанова М., №16 орта мектептің МДТ
«Қанаттылар тіршілігі» Қасымова А.Б.-№23 орта мектептің МДТ тәрбиешісі
«Менің Отаным – Қазақстан» тәрбие сағаты (тәрбиеші Сертекова Г.Ш.-№16 ОМ)
Тренинг «Мейірімді болса жүрек- орындалар тілек»
Маханбетжанова А.С., №16 орта мектеп психологы
Семинар жұмысын қорытындылау: «Екі жұлдыз, бір тілек»,
Семинар жұмысын ұйымдастырушы мектептің ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Джолдасова Жанна Аширхановна семинар соңында келген қатысушыларға сәттілік тілеп, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Семинарға қатысушыларды марапаттау
Семинарға қатысушылар
Мектепалды даярлық сыныптары секциясы
ОЙЫН БӨЛМЕСІ
КІШІ СПОРТЗАЛ
«ҰЛТТЫҚ БҰРЫШ»
Семинар-практикум барысында «Өнерлі өрге жүзер....» балалар шығармашылығынан көрме ұйымдастырылды.