Қазақстан жеңістер мен жетістіктер жолында
15 желтоқсанда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан жеңістер мен жетістіктер жолында» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Кеш қонақтары: ҰОС, Ауған, еңбек және тыл ардагерлері, зейнеткер ұстаздар, облыстық және қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мен «Өрлеу» институтының қызметкерлері, мектеп ұжымы, үздік оқушылар. Іс-шара барысында мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар қоғамдастығының өкілі өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ризашылығына ие болды. Жиын соңында мектебіміздің үздік, көшбасшы оқушылары «Жас Ұлан» бірыңғай Республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды. Жасұландықтарға галстук пен төсбелгілерді тағуға мектебіміздің құрметті ұстаздары мен кеш қонақтары шақырылды. Іс-шара соңында жетістіктерге жеткен, дарынды оқушылар мен мұғалімдер марапатталып, облыстық білім басқармасының тарапынан «Балдәурен» республикалық лагеріне екі жолдама берілді. Өткізілген іс-шара туралы облыстық «Знамя труда» газетіне мақала шығарылды.
Айлық барысында оқушылар түрлі республикалық, облыстық, қалалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді:
№ | Байқаудың атауы | Жүлделі орын | Аты-жөні |
1 | Республикалық «Мекенім-Қазақстан» ән байқауы | І орын | Сайлаубек Амина, 5 «Б» сыныбы-Бейсенкулова Д.М. |
2 | Республикалық «Қазақстан-саяхат елі» эссе байқауы | ІІІ орын | Зимовин Сергей, 8 «Г» сыныбы-Букина М.Ю. |
3 | Республикалық «Мен-өз Отанымның патриотымын» мәнерлеп оқу байқауы | Бас жүлде | Кужелев Александр, 3 «Д» сыныбы-Ногаева А.Б. |
4 | Облыстық жас қаламгерлер байқауы | І орын | Жақсыбаев Шыңғыс, 9 «Б» сыныбы-Орысбекқызы С. |
5 | Қалалық «Елін сүйген Елбасы» атты сурет салу байқауы | ІІ орын | Тұрсынбекова Аякөз, 9 «А» сыныбы-Жусупова Г.К. |
6 | Қалалық «Елін сүйген Елбасы» атты сурет салу байқауы | ІІ орын | Қалжанова Бота, 9 «Б» сыныбы-Жусупова Г.К. |
7 | Қалалық «Қазақстан-достық бесігі» фотобайқауы | ІІ орын | Ким Ирина-2Д (Асанқызы Б.) |