27
январь
2020
Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жағы
Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жағы да болады. Медициналық тұрғыдан алғанда, уақытты үнемі желіде өткізу адамның психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығына қатысты. Сол себепті, Интернетсіз күн әрқайсымыз үшін оң септігін тигізері сөзсіз. Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты ересектердің жауапкершіліктерін арттыру мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары мен ашық сұхбаттар жүргізілді. Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізу, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығу ұсынылады.






