2023жыл қорытындысы » СШ №16
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №6"
«№16 орта мектебі»
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 51-08-66
Бухгалтерия
+7(7262) 51-08-66
Версия для
слабовидящих
» » 2023жыл қорытындысы
27
декабрь
2023

2023жыл қорытындысы

2023жыл қорытындысы бойынша Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі біршама жетістіктерге жетті.
♦️Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мектепте 100% бейне бақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. Мектебіміз жедел басқару орталығына қосылған.
♦️2023-2024 оқу жылы Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектеп бойынша жалпы оқыту қорынан 1-4 сынып оқушылары арасында 510 оқушысы бір реттік тегін ыстық тамақпен , аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан 201 оқушы жалпы оқыту қорынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.
📚2023-2024 оқу жылында мектеп кітапханасының қоры 3008 дана оқулықтар мен электронды оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, 260 көркем әдебиеттермен толықтырылды.
♦️Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша Ұлттық құрылтайда мемлекеттік идеология, оның ішінде елімізде ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп насихаттау мақсатында «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алынды. Осы орайда 2023 жылы балалар игілігі үшін мектебімізде заман талабына сай "Балалар мобильді кітапханасы" жобасы өз жұмысын бастады.
♦️2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 64,5%–ды құрады, негізгі мектеп курсын мектептің 5 түлегі ,жалпы орта мектеп курсын 4 түлегі "Лучший аттестат пен", 1 оқушы "Алтын белгі" белгісімен бітірді.
♦️Мектебіміздің білім сапасын арттыру педагогтердің кәсіби өсуімен тікелей байланысты. Мектебіміздің педагогикалық ұжымы 100 % біліктілік арттыру курстарынан өтіп, білімдерін арттырды.
♦️2023 жылы мектебіміздің 7 білім алушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пән олимпиадасының қалалық кезеңінің жүлдегерлері атанды.
♦️2023 жылы қорытындысы бойынша мектебіміздің 7 оқушысы Республикалық зерттеу жобаларының қалалық кезеңінің жүлдегерлері, 2 оқушысы облыстық кезеңінің жүлдегерлері атанды, 1 оқушы 5-7 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған "Зерде" зерттеу жобасының жүлдегері.
♦️2023 жылы мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беру, тіл, туризм, дизайн, құрылыс және сәулет өнері саласындағы мамандықтарды дәріптеу, өңірлік тарихи мәдени ескерткіштердің маңыздылығын насихаттау, елжандылық пен отансүйгіштікке баулу, қоршаған ортаға деген сасналы көзқарасын жетілдіруу мақсатында мектеп жанынан "Отан" ашық аспан астындаы мұражайы" жобасы іске асырылды. Жоба жетекшісі мектеп директоры Бисенгалиева Мадина Сурагановна. Жоба сұмысы өз жалғасын табуда.
📚2023-2024 оқу жылында "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" еңгізілді.