1 декабрь-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні
Қараша айының соңғы аптасында 1-11-сыныптар арасында «Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы», «Менің елім, менің тағдырым, менің Президентім», «Елбасы жолы» атты тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп кітапханасында «Тұңғыш Президент және Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі жасалды.
5-8-сынып оқушыларына облыстық кинотехника бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ елі» атты анимациялық фильм көрсетілді. Қамтылған оқушы саны-140.
Мектеп тәлімгері және 5-сынып жетекшілерінің «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы»тақырыбында өткізген іс-шарасы қанағаттанарлық деп бағаланды. Іс-шара барысында мектеп кітапханашысы Елбасы суреттерінен көрме ұйымдастырды. Оқушылар «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көрініс көрсетті. «Шын жүректен» бөлімінде Елбасымызға арнап, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен бірге, «Елбасы мектебі», «Елбасы-ел тұтқасы» атты бейнебаяндар көрсетілді. Қорытынды бөлімде «Елбасы туралы үзік ойлар» тақырыбында ой толғауларын оқып, «Атамекен» әнін хормен орындап, іс-шараны аяқтады.
Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімдері: Садуакасова К.А., Халдыбетова А.И., Жусупова Г.К., Аскарбекова Г.И., Джакипов М.ұйымдастыруымен «Елбасы күні-елдікке құрмет мереке» айдарымен мектеп дәлізінде қолөнер туындыларынан шығармашылық көрмесі жаңартылды.
«Жас Ұлан» ұйымының бастамасымен 5-6-сыныптар арасында «Біз Елбасымен біргеміз!» тақырыбында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында қабырға газеттері шығарылды.
2017жылдың 30 ноябрьсында Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жер-Туған ел» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында «Сұлтан Бейбарыс», «Балалық шағымның аспаны» фильмдерінен үзінді көрсетіліп, бағдарламаның мақсат-міндеттері, бағыттары талқыланды. Бірыңғай сынып сағаттарын сынып жетекшілері дайын әдістемелік ұсынымдамалар негізінде өткізді.