01
қыркүйек
2017
Мектеп тарихы
1944 жылы сегіз жылдық №36 теміржол мектебі болып ашылды. Мектеп директоры болып Т.О.Омаров тағайындалды.
1950 жылдардың басында қазақ-орыс аралас тілді мектеп болып ашылды.
1950 жылдардың ортасында мектеп директоры болып Х.С.Сартпаев тағайындалды.
1970 жылы мектеп жалпы орта мектебі болып қайта аталды.
1971 жылы ең алғаш 10 сынып түлектерін шығарды.
1972 жылы мектептің екінші ғимараты пайдалануға берілді.
1983 жылдың маусым айында мектепке Д.М.Карбышев есімі берілді.
1987 жылдан бастап ұжымның жалпы жиналысының шешімімен мектеп директоры болып Брыкалова И.Т. сайланды.
1994 жылы мектеп 50-жылдығын атап өтті.
2008 жылы мектептің үш қабатты жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
2012 жылы мектеп Е-lerning оқыту жүйесіне енді.