30
қыркүйек
2020
Тағамға да талғам керек


Қазақ «Ас-адамның арқауы», деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының басты кепілі — уақтылы әрі дұрыс тамақтану.
Медицина саласы мамандарының айтуынша, бүгінде адамдардың көбі асхана мәзірін дұрыс таңдай алмауларының нәтижесінде ағзалары уланып, түрлі дертке шалдығып жатады. Салауатты өмір салтын насихаттау мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында мектеп медбикесі Г.Джунусбекова дұрыс тағам таңдай білу мен тамақтану мәдениетінің мәні туралы 6-9-сынып оқушыларына "Тағам мен талғам" тақырыбында онлайн-дәріс өткізді.