20
қазан
2020
Облыстық «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында өткізілген «Ұлттық киім - ұрпаққа мұра» сән апталығының қорытындысы ретінде 20.10.2020ж. «Қыз Жібек» клубының мүшелері вебинар өткізді.




Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасына, үйлесімділігіне баса назар аударып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін арттыру, эстетикалық тәрбие беру.
Вебинардың І кезеңінде «Мектеп арулары ұлттық киімде» бейнероликтері көрсетілсе, ІІ кезеде «Сән мен талғам» тақырыбында өзара пікір алысты.
Болашақ ұрпақ ұлттық киімнің қадір-қасиетін біліп,заман талабына сәйкес лайықтап киіп жүрсе,сөйтіп сан мыңдаған ғасырлардан бері келе жатқан ата-дәстүрі жалғасын тапса, ұлттық сәнге айналып, қалыпты нәрсе ретінде күнделікті өмірімізге енсе, нұр үстіне нұр болар еді.