21
қазан
2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласының негізінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Орысбекқызы «Филология» ӘБ мұғалімдерімен бірлесіп, «Абай аманаты-адамзат тәрбиесі» тақырыбында мектеп ұжымымен вебинар өткізді.




Абай аманаты-халқымыздың өмірлік бағдары. Абайдың 175 жылдық мерейтойы биылғы оқу жылында да жалғасын таппақ. Алдағы уақытта ақынның қара сөздерін жатқа оқу, әндерін орындау, эссе жазу, мәнерлеп оқу, сахналық өнер көрсету т.с.с бірқатар іс-шаралар жоспарға алынған.
Іс-шараны қорытындылаған мектеп директоры-Ж.Онгарбаева: «Абайдың ақыл дариясы ұлтымыздың бүгінгі буыны үшін де және болашақ ұрпақ үшін де айнымас бағыт-бағдарға айналуы тиіс»,- деген пікір білдірді