2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау
Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі
📌2023-2024 оқу жылына конкурстық негізде педагогтерді жұмысқа қабылдау ағымдағы жылдың 06 қыркүйегінен басталады.
«Коммунальное государственное учреждение Тараз қаласының білім бөлімі Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектеп» КММ КОНКУРС жариялайды:
📌 Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568,2022.22.12 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
📌 Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek.kz" ресми сайтына жарияланады.
📌 Конкурс төмендегідей бос және уақытша бос орындарға жүргізіледі:
Алғашқы Әскери және Технологиялық даиындық пәні мұғалімі - 1 (негізгі орын ) қазақ-орыс сыныптарына 1толық жұктеме.
📌 06қыркүйегінен бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.
📌 Конкурс өткізілетін орын: «Коммунальное государственное учреждение Тараз қаласының білім бөлімі Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі» КММ конференция залы
📌 Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Байзақ батыр 221. «Коммунальное государственное учреждение Тараз қаласының білім бөлімі Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебі» управления образования акимата Жамбылской области . Анықтама байланыс телефоны: 51-08-66
📌 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 октябрьдағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік(бар борлса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90%сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11)Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріске, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12)11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Кандидат болған жағдайда қосымша құжаттар ұсына алады (біліктілігін арттыру, ғылыми-әдістемелік жарияланымдар,алдыңғы жұмыс орнынан ұсыным)
Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 февральдағы №57 бұйрығының (19.11.2021 №568,2022.22.12 №513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар "Enbek KZ" және мектебіміздің ресми сайтына жарияланады.
06қыркүйегінен бастап мектептің қабылдау бөлмесіне құжаттарды қабылдау жүргізеді.