Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы » СШ №16
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№16 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 51-08-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 51-08-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы
24
тамыз
2018

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Орта білім беру ұйымдарыүшін міндетті мектеп формасына қойылатынталаптарды бекіту туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.Қоса беріліп отырған  Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар  департаменті (Ж.А. Жонтаева)  заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының                         Білім және ғылым вице-министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.

           4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік                    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

          Білім және ғылым министрі                                                       А. Сәрінжіпов


Қазақстан Республикасы

Білім мен ғылым министрінің

2016 жылғы «14» қаңтардағы

№ 26 бұйрығымен бекітілген



Орта білім беру ұйымдарында 

міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар



  • Жалпы ережелер


1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы                            27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының14-1) тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.

2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады:

орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асыратын оқу орны.

3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.

4. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныстыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының   Интернет-ресурстарында жарияланады.



2. Орта білім беру ұйымдарындағы

міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар


5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы                        (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының  үлгісі,түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.  

6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. 

7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

8. Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

9. Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

10. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

12. Мектеп формасына   классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.

13. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб,никаб, бурка, паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды (белгілерді) киюге тыйым салынған.

14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады. 

16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.  

17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады. 

18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 

19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. 

20. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады. 

21. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер  білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.



3.Орта білім беру ұйымдарында

міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау


22. Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және қоғамдық кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.

23.Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.

 24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады, бірақ оларды нақты өндірушілерден сатып алуды міндеттемейді немесе оқу орнында форма сатуды ұйымдастырмайды.

25. Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.

26. Басшы білім алушылардың мектеп формасын сақтауы мәселесін қоғамдық кеңестің талқылауына шығарады.

27. Басшы осы  Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда)                     беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады. 



Об утверждении Требованийк обязательной школьной форме для организаций среднего образования


         В соответствии с подпунктом 14-1) статьи 5 Закона Республики Казахстан                     от 27 июля 2007 года «Об образовании»  ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Утвердить прилагаемые Требования к обязательной школьной форме для организаций среднего образования.

2. Департаменту дошкольного и среднего образования, информационных технологий (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет», а также                     в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного введения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;

3) размещение настоящее приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;

4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить                                      на вице-министра образования и науки Республики Казахстан                         Имангалиева Е.Н.

4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.



            Министр

   образования и науки

  Республики  Казахстан                                                         А. Саринжипов




Утверждены приказом

Министра образования и науки

Республики Казахстан

«14»января2016 года№ 26



Требования к обязательной школьной форме

для организаций среднего образования

  • Общие положения

1. Настоящие Требования к обязательной школьной форме для организаций среднего образования (далее-Требования) разработаны                                      в соответствии с подпунктом 14-1 статьи 5 Закона Республики Казахстан                       от 27 июля 2007 года «Об образовании» для обеспечения обучающихся качественной школьной формой.

Вышеуказанные Требования направлены на реализациюсветского характера обучения и устранения признаков социального, имущественного                         и иных различий между обучающимися организаций среднего образования.

2. В настоящих Требованиях используется следующее основное понятие:

организация среднего образования - учебное заведение, реализующее общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования, специализированные общеобразовательные и специальные учебные программы.

           3. Цель Требований - обеспечение единства подходов организаций среднего образования в применении обязательной школьной формы, формирование позитивного отношения родителей к школьной форме, повышение ответственности руководства учебных заведений и общественных советов (совет школы, попечительский совет, родительский комитет)                                     в соблюдении светского характера обучения.

4Требования к обязательной школьной форме размещаютсявфойе организаций среднего образования, а для ознакомления  на Интернет-ресурсе организации среднего образования.




2. Требования к обязательной школьной форме для организаций среднего образования


 5. Обязательная школьная форма организаций среднего образования                   (далее - школьная форма) соответствует светскому характеру обучения.      Фасон, цвет школьной формы выдерживаются в классическом стиле, в единой цветовой гамме, с допущением смешения не более трех цветов. Цвет школьной формы выбирается из спокойных и не вызывающих ярких тонов.

6. Школьная форма вводится с учетом возрастных особенностей обучающихся. 

7.Школьная форма подразделяется на повседневную, парадную                            и спортивную.

8. Школьнаяформадля мальчиков включает: 

пиджак, жилет, брюки, парадную рубашку, повседневную рубашку (зимний период: трикотажный жилет, водолазку).Брюки для мальчиков                                     свободного кроя, и по длине закрывают щиколотки ног.

9. Школьнаяформадля девочек включает: 

пиджак, жилет, юбку, брюки, классическую блузу (зимний период: трикотажный жилет, сарафан, водолазку).Брюки для  девочек свободного кроя, и по длине закрывают щиколотки ног. 

10. Парадная форма для мальчиков состоит из повседневной формы, дополненной белой рубашкой, для девочек – белой блузкой.  

11. Спортивная форма для мальчиков и девочек включает: спортивный костюм (спортивные брюки, футболка), спортивную обувь (кроссовки, кеды).

12. Школьная форма включает галстук классической формы, соответствующий основному цвету или в контрасте к цвету школьной формы.

13.Включение элементов одежды религиозной принадлежности различных конфессий в школьную форму не допускается.

14.На школьной форме размещаются отличительные знаки                        (эмблема, нашивка и др.) организаций среднего образования. Они размещаются в верхней части одежды или аксессуара (пиджак, жилетка, галстук).

 15. Требования к школьной форме реализуются с учетом климатических условий, места проведения учебных занятий и температурного режима                            в учебном помещении. 

16. Требования к школьной форме исключают ношение одежды и аксессуаров с травмирующей фурнитурой.

17.При внедрении школьной формы обращается внимание на состав тканей.

18. В качестве тканей школьной формы используются полушерстяныеи хлопковые ткани с улучшенными свойствами, имеющими высокую износостойкость, обладающие антибактериальными, антимикробнымии антистатическими свойствами. 

19. Выбор цвета, фасона школьной формы и длины юбки определяется   организацией среднего образования и общественным советом, утверждается протоколом общешкольного родительского собрания. 

20. Введение изменений в школьную форму принимается по согласованию с общественным советом.

 21. Родители и иные законные представители обеспечивают ношение обучающимися школьной формы, установленной в организации среднего образования.


3. Исполнение Требований к обязательной школьной                                                                        

форме для организаций среднего образования


22. Руководитель организаций среднегообразования                                                   (далее - Руководитель) и общественный совет (совет школы, попечительский совет, родительский комитет) при введении обязательной школьной формы руководствуется настоящими Требованиями

23. Родители и иные законные представители участвуют в обсуждении вопросов о школьной форме и вносят предложения по ее совершенствованию, приобретают ее через действующую торговую сеть.

24. Областные, городов Астаны и Алматы управления образования, районные (городские) отделы образования рекомендуют родителям приобретение школьной формы у отечественных производителей школьной формы. 

25. Руководитель обеспечивает утверждение школьной формы                              до 25  мая учебного года

26. Руководитель выносит вопрос соблюдения школьной формыобучающимися на общественный совет.  

27Руководитель ознакомливает родителей или иных законных представителей с настоящими Требованиями при подаче заявления о приеме (произвольной форме) обучающегося в организацию среднего образования под роспись и на общешкольном родительском собрании.











Похожие публикации:

01 қыркүйек 2018 №355 бұйрық
14 тамыз 2018 Мектеп тарихы