Д.М. Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысы бағытында атқарылған жұмыстардың есебі. » СШ №16
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№16 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 51-08-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 51-08-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Д.М. Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысы бағытында атқарылған жұмыстардың есебі.
10
маусым
2022

Д.М. Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысы бағытында атқарылған жұмыстардың есебі.

Қаралатын орны: педагогикалық кеңес

Мерзімі: тамыз, 2021 ж.

Жауапты: мектеп директоры  Онгарбаева Ж.Б.


2020-2021 оқу жылында мектеп ұжымының жұмысы төмендегі  міндеттерді орындауға бағытталған:

  1. Мектеп бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылған сыныптардың білімін жүйелі түрде бақылауда ұстау.
  2. Оқушылардың бағдарлама материалын меңгеру сапасын анықтау, олардың білімдерін диагностикалау, оқу жұмысына деген жауапкершілікті тәрбиелеу, оқушының білім алуына ықпал ету.
  3. Оқу-тәрбие жұмысында мұғалімнің оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған жұмыстарды жандандыру, оқу үрдісінде жаңа   технологияларды қолдану аясын кеңейту.
  4. Оқушылардың салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру, денсаулығын нығайту және сақтауға бағытталған мектеп жұмысының жүйесін жандандыру.


Оқушылардың қозғалысы: 2020-2021 оқу жылы

Мектеп бойынша 2020-2021 оқу жылының соңында жалпы оқушылар саны -1443,  қазақ  

 сыныптарында - 712 оқушы, орыс сыныптарында –731оқушы, соның ішінде   үйде оқытылатын  

 балалар саны –21,  бастауыш сыныптарында –6 оқушы, 5-9 сынып аралығында- 15 оқушы құрады 

 Сынып-комплектілер саны -68 құрады.

       2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту режимінде оқыған 5, 6, 7, 8, 10 сыныптар болса, аралас форматтарда қашықтықтан және кезекші сыныптарда  1-4 және 9,11 сынып оқушылары үшін (ата-аналар өтініші негізінде)  мектепте оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылды. Карантиндік шектеулерге байланысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапар сақталынып, оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулықтры күнделікті бақылауда болды.

Қашықтықтан оқыту барысында мектеп ұжымы "Билимленд", «ЗУМ», "Дарын-Онлайн", "Кунделик" интернет-платформаларын қолданды.

1-кесте. Мектеп сыныптарының кейінгі үш жылдағы оқушылар санының өзгеруінің және сыныптардың оқушылармен жинақталуының салыстырмалы кестесі


Оқу жылдары 

Оқушылардың  саны

Барлық сынып саны

Бір сыныптағы оқушылардың орташа саны

2018-2019

1464

65

24

2019-2020

1522

68

24

2020-2021

1443

69

24


Ескерту: көрсетілген кестеде мектепалды даярлық сыныптар бойынша оқушылардың        

саны көрсетілмеген. Мектепалды даярлық сыныпта 56 оқушы білім алды.


2-кесте. Мектеп бойынша оқу үздіктерінің, екпінділерінің кейінгі үш жылдың салыстырмалы кестесі

Оқу жылдары 

Оқу үздіктері

 2-11 сыныптар бойынша

Екпінділер 

2-11 сыныптар бойынша

2018-2019

190

735

2019-2020

228

770

2020-2021

199

661


3-кесте. Негізгі және орта мектепті бітірушілер туралы және «Алтын белгі» мен үздік аттестат иегерлерінің санының кейінгі үш жылдың салыстырмалы кестесі

Оқу жылдары 

Бітірген оқушылар саны

Үздік аттестат иегерлері, негізгі мектеп бойынша

Орта мектеп бітірген оқушылар саны

«Алтын белгі»

иегерлері

2018-2019

127

2

30

-

2019-2020

147

5

46

-

2020-2021

120

2

46

2


4-кесте. Мектеп   бойынша білім сапасының өткен оқу жылдарымен

  салыстырмалы мониторингісі 


2018-2019оқу жылы

2019-2020 оқу жылы

2020-2021 оқу жылы

                    64%

65,6 %

65,7 %


        Тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды құруда әдістемелік бірлестіктер әдістемелік нұсқау хатта белгіленген оқу пәндерінің бағдарламаларын басшылықққа алды. 10-11 бағдарлы сыныптарда оқыту жаратылыстану-математикажәне қоғамдық –гумманитарлық  бағытында, оның ішінде математикалық бағдары арқылы оқу бағдарламалары іске асырылды

2020-2021 оқу жылының басында әдістемелік бірлестік отырыстарында мұғалімдердің авторлық бағдарламалары қарастырылып, талқыланып, оқу үрдісіне жүзеге асырылды. Таңдау курстары мен қолданбалы курстар негізгі сабақ кестесіне   енгізілді. Оқушылардың бойында жеке шығармашылық, интеллектуалдық  қабілеттерін арттыру үшін, оқушы компоненті есебінен түрлі үйірмелер жыл бойы жұмыс жүргізді. 

Оқу жылы барысында мектепішілік бақылау мен басқару жоспарына сай мемлекеттік стандарттың орындалуы жартыжылдықта бір реттен тексеріліп, қорытындысы директор жанындағы отырыста қаралды.

Осы жұмыстардың негізінде мемлекеттік стандарттың орындалуы І және ІІ жартыжылдықта  барлық сыныптарда мемелекеттік стандарт оқу жоспарына сай орындалды. Бақылау  және жазба жұмыстары нормативке сай өткізілді. Физика, химия, биология пәндерінен жоспарланған зертханалық, практикалық жұмыстар жоспар бойынша өткізілді, ауытқушылық жоқ.

Мектеп бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілген. 


      Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын көтеруді ұйымдастыру, оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету, психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізілді.. Ата-аналарға баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, баланың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын бақылау, мектеппен байланыста болу туралы ұсыныстар берілді. 

      Жеке сыныптарда  оқу үлгеріміне байланысты пед.консилиумдар өткізіліп, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен  мектеп психологтары терең талдау жүргізе отырып, пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын айтып өтті. 

«Ата-ана -  оқушы – мектеп» үштік одағын  ұстанып жемісті жұмыс жүргізу принципі тиімділігі ескерілді.

Жалпы қорытынды жасай келе, 2020-2021 оқу жылында оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша төмендегі іс-шаралар атқарылды. 

Білім сапасын көтеру мақсатында Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінде төмендегі іс-шаралар атқарылды: 

  • Сабаққа ынтасы төмен оқушылардың базасы құрылды;
  • Жүйелі түрде оқушылардың қашықтықтан оқыту жағдайында және кезекші сыныптарда сабаққа қатысуы бақылауға алынды;
  • Оқу пәндерінің оқытылу жағдайы қаралды;
  • Әр тоқсан сайын оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының қорытындысымен, таныстыру мақсатында  жалпы мектептің және жеке сыныптардың ата-аналар жиналыстары өткізілді. 
  • Үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі олқылықтың себептерін анықтау, түзету мақсатында сауалнама жүргізілді;
  • Қосымша сабақтар кестесі құрылып, ұйымдастырылды: 7 сынып оқушыларына жаңа қосылған пәндер бойынша қосымша сабақтарөткізілді;
  • Педагогикалық кеңесте әр тоқсанның қорытындысы қаралды: мектеп бойынша білім сапасының сараптамасы, төмен білім сапасын төмен берген сыныптың себептері анықталды;
  • Төмен білім сапасын көрсеткен сыныптармен педагогикалық консилиумдар өткізілді:   7«Б» (47%), 7 «Г» (50 %)- сыныптары;
  • Пән бойынша төмен білім сапасын берген пән мұғалімдерімен жұмыстар жүргізілді.
  • «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылды.
  • ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 72,5 болып, ең жоғары балл – 116 балл 11-А сынып оқушысы Әбділсейіт Айдана алды. Ең төменгі балл – 40 балл Абесов Алишер алды. Мемлекеттік грант иегері 12 оқушы атанды.

2020-2021 оқу жылындағы 2-11 сыныптардың білім сапасының қорытындысы 



Сыныптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

всего

16

ом


142

155

193

153

146

132

141

135

120

80

46

1443

"5"

39

51

25

28

9

8

4

8

14

7

193

"4"

79

96

88

65

73

72

66

60

35

29

663

"3"

37

46

40

53

50

61

65

52

31

10

445

"2"

 0

 0

 0

 0

не аттестов

 0

 0

 0

 0

 0

 0

успев-ть  %

0

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

100%

качество знаний %

0

76%

76%

74%

64,00%

62,00%

57,00%

52,00%

57,00%

61%

78%

65,70%


  Сонымен бірге, оқушылардың жеке құжаттары мен оқушылардың күнделіктеріне жылына екі мәрте тоқсан сайын  тексеру жүргізіліп отырды.

Мектептің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың жеке-іс қағаздары, мектеп құжаттары, электрондық журналдарды ай сайын тексеріп, директор жанындағы жиналыста, өндірістік жиналыстарда қаралды. Электрондық журналдардың уақытылы толтырылуы, формативті бағалауды, пікір жазуды талаптарға сай жүргізуі, уақытылы сабақты өту туралы белгіні журналға қою, үй тапсырмасын уақытылы беру және тексеру, БЖБ, ТЖБ қойылуы үнемі бақылауға алынды. Тексеру қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда шара қолданылды. 2020-2021 оқу жылында оқу- тәрбие процессін бақылауда   негізгі  бақылаудың тиімді формалары, әдістері басшылыққа алынды.


Мұғалімдердің санатына байланысты сапалық құрамы салыстырмалы түрде


Оқу жылы

Мұғалім саны

Жоғары санатты

Бірінші санатты

Екінші санатты

Санаты жоқ

педагог-шебер

педагог-зерттеуші

педагог-сарапшы

педагог-модератор

2016-2017

110

18

40

30

22





2017-2018

114

16

42

28

28





2018-2019

124

11

37

27

29

-

6

8

6

2019-2020

126

2

14

19

28

1

26

24

12

2020-2021

132

-

8

12

32

1

33

31

15


  1. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және жауапкершілігін арттыру
  2. Мектеп құжаттарының дұрыс, сауатты толтырылуы
  3. Оқушылардың денсаулықтарын сақтау
  4. Оқушылардың білім алуына  жан-жақты жағдай жасау
  5. Жалпыға білім беру Заңының орындалуы
  6. Пәндердің оқытылу жағдайлары  
  7. Сапалы білім беру

8.   Мектепішілік бақылау жұмысының тиімділігін арттыру

Бақылау қорытындысы педагогикалық, әдістемелік кеңестерде, директор жанындағы жиналыста, әдістемелік бірлестік жиналыстарында, сынып жетекшілер бірлестігінің отырысында қаралды. Негізгі мектеп аралығында мектепішілік бақылау оқушылардың білім сапасының төмендігінің көрсете отырып, көтеру жолдарын көздеп  және мұғалім өз тәжірибесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жолдары қарастырылды.  Дарынды балаларды анықтау жолдарын жүйелендіру және олармен нәтижелі жұмыс істеуде бақылауға алынды. Бақылау барысында онлайн-сабақтарға қатысу, ата-аналармен және жеке оқушылармен, білім сапасын қадағалау жүргізілді.

          Бақылаудың барлығы мектепішілік  бақылаудың, әкімшіліктің  жоспарына сай жүзеге асырылды.

2020-2021 оқу жылында  қашықтықтан  оқытуға байланысты көпбалалы және жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға мектеп тарапынан  компьютерлік техника, моноблоктар, ноутбуктар, нэтбуктар және роутерлер таратылды. Сонымен қатар,жеке отбасыларда  интернеттің болмауы мектеп тарапынан шешімін тауып, ұялы телефондары мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. Ал кейбір  қиындыққа ұшыраған отбасыларға мектеп ұжымы, ата-аналар, жеке тұлғалар тарапынан демушілік көмектер көрсетіліп, ұялы телефон сыйға беріліп, интернет желісін қосып берді. Қаңтар айынан бастап тегін ыстық тамақпен 1-4 және 9-11 сыныптар арасында 225 оқушы қамтылды.

            Пандемия жағдайында қашықтықтан  оқыту жүргізілгендіктен мектеп оқушыларын бақылауда ұстау, оқу үлгерімдерін қадағалау мақсатында, қазан айында «Бала бақылауда» жосбасы іске қосылды.Қазан айында Ережеге сәйкес қашықтықтан оқыту кезеңінде оқу үлгерімі бойынша қиындықтарға кездескен оқушылардың тізімі құрылып, олар «жоғары», «ортаңғы» және «төменгі» топтарға бөлінді.


         Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша кешкі мезгілде екі мәрте құқық қорғау органдарының жүргізген рейд қорытындылары бойынша 9-Е сынып оқушысы Авдиенко Станислав қалалық полиция бөлімінде есепке алынды.Спортпен шұғылданатындықтан спорт алаңшасына жаттығуға шыққан.

Осыған орай, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері тарапынан жұмыс жүйесі құрылып, балаларды бақылау бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылды: әр оқушының жеке құжаттары (мінездеме, үй-тұрмыстық жағдайы) қаралып, талдау жасалды, жекелеген пәндер бойынша үлгерімі зерделенді, апта сайын оқушымен жеке жұмыс жүргізіліп, аптасына 1 рет сауалнамалар алынды, сынып жетекшілері оқушылардың үйіне барып, әңгімелесіп, ата-аналарымен кездесіп, жағдайларын біліп, тұрды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастыруымен бақылауға алынған оқушылардың ата-аналарымен жиналыстар өткізілді. Жиналыста ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қалыптасқан жағдай бойынша оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы бірқатар кеңестер беріліп, мәселені шешуге байланысты психологиялық қолдау көрсетілді. 

2020-2021 оқу жылының екінші жартысында екінші ауысым оқушыларына қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылардың жүйелі қатысуы қатаң қадағалауға алынды. Сонымен қатар, сынып жетекшілері әр оқушымен жүргізілген жұмыстарға талдау жасап, ай сайын сараптама жасап тұрды. Бақылау барысында оқушылардың үлгірімі жоғарылап, тәртібінде оң өзгерістер болуына байланысты 9 оқушы жыл ішінде бақылаудан шығарылды. 

Қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын көтеруді ұйымдастыру, оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету, психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізілді.. Ата-аналарға баланы қашықтан оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, баланың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауын бақылау, мектеппен байланыста болу туралы ұсыныстар берілді. 

Білім сапасын төмен берген сыныптарда оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының төмендеуінің келесі себептері анықталды: 

  • қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың сабаққа қатысуын ата-ана, мектеп тарапынан жүргізілетін бақылаудың әлсіз болуы, 
  • оқушылардың денсаулық және түрлі себептермен сабаққа қатыспауы, жауапкершіліктің төмендеуі, 
  • пән ерекшелігіне қарай тиісті деңгейде меңгермеуі, 
  • үй жағдайында оқуға байланысты оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі, 
  • оқу тапсырмаларын уақытылы орындамауы.    

Кемшіліктерді жою мақсатында әр тоқсанның қорытындылары бойынша мектепішілік және сыныптың ата-аналар жиналыстары өткізіліп, таныстырылды. Үлгерімі төмен болған  оқушылардың тізімдері жинақталып, ата-аналарымен арнайы кезектен тыс ата-аналар жиналысы қазан, желтоқсан айларында өткізіліп, пән мұғалімдерімен жеке жұмыстар жүргізілді. Әкімшілік тарапынан оқушылардың сабақ кестелері құрылып, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу процесінің ұйымдастырылауы, жүргізілуі қатаң  үздіксіз бақылауға алынған.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсаннан бастап олқылықтардың орнын толтыру үшін, 6-8 сынып оқушыларына қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Ата-аналар мен оқушылардың өтініштерінің негізінде алгебра, геометрия, физика, химия, биология, ағылшын тілі, тарих пәндері бойынша қосымша сабақтар кестесі құрылып бекітілді. Бүгінгі таңда жүйелі түрде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып оқушылар қамтылды. Оқу жылының аяғында аталған оқушылар «Жазғы мектепке» оқуға тартылды.

2020-2021 оқу жылында Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрілігінің ұсынуымен қашықтықтан оқыту жағдайында білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында 2021 жылдың 26-19 мамыр аралығында жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру ұсынылды. 

            2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту режимінде оқыған 5, 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары және аралас форматта оқыған 1-4 сынып оқушылары үшін (ерікті түрде)  аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар жазғы мектепке ата-аналарының, заңды өкілдерінің өтініші негізінде қабылданды.

Жазғы мектептің сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырылып, оқушылар тізімі мен 17 сынып-комплектілер жасақталды, сынып жетекшілер бекітілді. Барлығы 170 оқушы қамтылды.     


            Оқу жылының аяқталуына байланысты:

  1. Оқу жоспарының базалық компоненттері толық көлемде орындалған
  2. Мектеп компоненті жоспар бойынша толық орындалған.
  3. Оқу бағдарламасының теориялық бөлімі толық орындалған.
  4. Оқу бағдарламасының практикалық бөлімі әр пәннен жоспарға сай толық орындалған
  5. Оқу бағдарламасы мемлекттік бағдарламамен қамтамасыз етілген, Оқу жоспарын жүзеге асыруда  мектеп қажетті мамандармен санаттарына сай  қамтамасыз етілген.
  6. Білім үрдісіндегі жетістіктер алға қойылған мақсатқа сай педагогикалық ұжымды,ата-аналарды, оқушыларды қанағаттандырды.


Келесі оқу жылына қойылған мақсаттар:Сабақтарда инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу. Білім сапасын арттыру бойынша:

• басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;

• білім сапасын диагностикалау;

• оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;

• білім сапасына мектептің барлық қызметкерлерін жұмылдыру;

• білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар тиімді қолдану.

білім платформаларының мүмкіндіктерін толық меңгеру, күнделікті пайдалунға дағдылану.

Отанын шексіз сүйетін, мемлекеттік тілді құрметтейтін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру

оқушыға білім, білік дағдыларын игерту, жан-жақты қабілеттерін дамыту.


Оқу жылының аяқталуына байланысты:

  1. Оқу жоспарының базалық компоненттері толық көлемде орындалған
  2. Мектеп компоненті жоспар бойынша толық орындалған.
  3. Оқу бағдарламасының теориялық бөлімі толық орындалған.
  4. Оқу бағдарламасының практикалық бөлімі әр пәннен жоспарға сай толық орындалған
  5. Оқу бағдарламасы мемлекттік бағдарламамен қамтамасыз етілген, Оқу жоспарын жүзеге асыруда  мектеп қажетті мамандармен санаттарына сай  қамтамасыз етілген.
  6. Білім үрдісіндегі жетістіктер алға қойылған мақсатқа сай педагогикалық ұжымды,ата-аналарды, оқушыларды қанағаттандырды.


Келесі оқу жылына қойған мақсаттар:Сабақтарда инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу. Білім сапасын арттыру бойынша:

• басқару құжаттарын әзірлеу жүйесін дамыту;

• білім сапасын диагностикалау;

• оқытудың әдістемелік жүйесін жаксарту;

• білім сапасына мектептің барлық қызметкерлерін жұмылдыру;

• білім сапасын арттыруда жаңа технологиялар қолдану.

  1.   Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;
  2.   Білім платформаларының мүмкіндіктерін толық меңгеру, күнделікті пайдалунға дағдылану.
  3.   Отанын шексіз сүйетін, мемлекеттік тілді құрметтейтін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру
  4. Оқушыға білім, білік дағдыларын игерту, жан-жақты қабілеттерін дамыту.

    5. Жаңа технологиялардың тиімді жолдарын қолдану.

   5..Білім сапасын жүйелі түрде арттыру.