САҚ БОЛУ - ҚАУІПСІЗ БОЛУ! » СШ №16
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№16 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 46-09-35
Есепші бөлімі:
+7(7262) 46-29-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » САҚ БОЛУ - ҚАУІПСІЗ БОЛУ!
17
мамыр
2021

САҚ БОЛУ - ҚАУІПСІЗ БОЛУ!









           

        «Егер адам кем дегенде бірдеңе айтуға және жасауға дайын болса, қауіптерді жеңудің көптеген жолдары бар», - дейді Сократ

         Осы философияны ұстана отырып, мектепте  балалардың үйде, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрысы,  ғаламтор-ресурстарды пайдалану кезіндегі, лаңкестік әрекеттердің  қауіптері туралы  іс- шаралар  тұрақты түрде жүргізіледі. Сонымен, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері суда, үйде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстауы мен лаңкестік әрекеттердің  қауіптері туралы материалдар ұсынды. Стенд орнатылды, ата-аналар мен балаларға жадынамалар жіберілді. Ата-аналар жиналысы, сонымен қатар мектепішілік жиналыстар өткізілді.

      Мектептерде осы айтылған іс-шараларды өткізуге  қалалық білім бөлімінің бас маманы Қ.И.Үкібасов тәрбие жұмысына бейнероликтер, жадынамалар, көрнекі материалдар дайындап, бұл жұмыстың нәтижеге бағытталуына  үлкен көмек пен қолдау көрсетті.

           Барлығымыз, ересектер, үнемі балалармен тығыз байланыста жұмыс істеуіміз керек! Біз, ата-аналар,  ұстаздар, балаларымызға бейтаныс адамдарға ұялмай «жоқ» деп айтуды үйретуіміз керек! Кез -келген бейтаныс адам көмек сұраса, ұсыныспен немесе  әңгімеге тартса,балаға   қалай жауап беру керектігін ескертуіміз қажет!

          Жақын жерде ата-анасы да, таныстары да болмаса, қалай және кімге жүгіну керектігін бала  білу қажет. Ересектердің қауіпті болуы мүмкін екенін бала түсінсін, бірақ  бұл ықтимал қауіптерден қорқу емес, кез келген жағдайда түрлі адамдармен  өзін-өзі  сәйкесінше ұстауы керек екенін білсін. Балалардың қауіпсіз  өмір сүруі және қауіпсіз орта болуы үшін бар күш-жігерімізді, өмірлік тәжірибемізді жұмсайық.

          Осындай ұранмен  №16 Д.М.Карбышев атындағы орта мектепте оқушылардың су айдындарының жанында және суда қауіпсіздік  ережелерін  қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткізілуде. Бейнефильмдер, жадынамалар, нұсқаулықтар көрсетіліп, түсіндіру жұмыстарын директордың құқықтық  –тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ю Букина, мектеп инспекторы  Р.С Ертаев және  сынып жетекшілері жүргізуде. Тәрбие жұмысы ата-аналармен де жүргізіледі, өйткені балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы білімінің негізі үйде қаланады. Су айдындарының жанында және суда демалу кезінде сақтық пен өзін-өзі ұстау, өзіне және басқаларға жауапкершілікпен қарау көзқарасы қалыптасады. Балаларға  жүзу дағдыларын, сақтық ережелерін  үйрету біздің міндетіміз,парызымыз, өйткені балалық шақ - бақытты уақыт!


            Әр адам қауіпсіздік  ережелерін  есте сақтауы керек, бұл әдетке,дағдыға айналуы қажет! Сонда демалыс алаңсыз,сәтті және көңілді болады!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив