Жерлес ақын- жазушыларымыздың шығармашылығын дәріптеу, » СШ №16
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№16 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 51-08-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 51-08-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жерлес ақын- жазушыларымыздың шығармашылығын дәріптеу,
06
қараша
2020

Жерлес ақын- жазушыларымыздың шығармашылығын дәріптеу,



Жерлес ақын- жазушыларымыздың шығармашылығын дәріптеу, оқушылардың кітап оқу мәдениетін арттыру мақсатында мектеп кітапханашылары 2020 жылдың 6 қарашасында "Кітаптар әлемінде" тақырыбында ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыс әкімінің 2009 жылғы «Әдебиет» аталымы бойынша жастар сыйлығының лауреаты Досалы Есет Жаңабайұлымен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығынан толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, Есет Жаңабайұлы тыңдармандарға өлең жолдарын арнап, балалардың көкейкесті сұрақтарына пайымды жауап берді. 
Кездесу соңында ақын кітап оқу пайдасы мен қазіргі жастар тәрбиесі туралы тұщымды ойымен бөлісті, ал оқушылар қаламгерге ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.