Тараз қаласы Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2024-2025 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша мектеп басшысының есебі » СШ №16
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№16 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 51-08-66
Есепші бөлімі:
+7(7262) 51-08-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Тараз қаласы Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2024-2025 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша мектеп басшысының есебі
17
қаңтар
2025

Тараз қаласы Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 2024-2025 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша мектеп басшысының есебі

Сәлеметсіздерме құрметті ата аналар, ата аналар комитеті, қамқоршылық кеңес мүшелері, бүгін сіздердің алдарыңызда  
2024-2025 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша есебімді беруге рұқсат етіңіздер.

Здравствуйте уважаемые родители, родительский комитет и члены попечительского совета. Разрешите зачитать отчет о проделанной работе за 1 полугодие 2024-2025 уч.года. 

Биылғы жылы балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мектебіміз 100% бейне бақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген.
Оқу жылының басында мектеп бойынша оқушылар саны: 1395, 67 сынып топтама, І ауысымда -669, ІІ ауысымда-726 оқушы оқиды.
 Қаңтар айында мектеп бойынша оқушылар саны: 1370, 67 сынып топтама І ауысымда -658, ІІ ауысымда-712 оқушы оқуда. 1 жартыжылдық бойынша мектеп контингенті 25 оқушыға кеміді.

2024-2025 оқу жылында денсаулығына байланысты үйде жеке оқытуды ұйымдастыруға келсек:
Мектеп бойынша 2024-2025 оқу жылында денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруда және жеке қаралыммен білім беру бағдарламаларын игеру Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің бұйрығына сәйкес 16 оқушы оқиды, оның ішінде: 1 сыныпта 1оқушы, 2 сыныпта 5 оқушы, 3 сыныпта 1 оқушы, 5 сыныпта 1 оқушы, 6 сыныпта 1 оқушы, 7 сыныпта 2 оқушы, 8 сыныпта 1 оқушы, 9 сыныпта 1 оқушы, 10 сыныпта 1 оқушы, 11 сыныпта 1 оқушы үйде оқытумен қамтылған.
Жеке қаралыммен (инклюзив) барлығы 8 оқушы қамтылған. Оның ішінде: 2 оқушы 1 сыныпта, 1 оқушы 7 сыныпта, 2 оқушы 8 сыныпта, 1 оқушы 9 сыныпта, 1 оқушы 10 сыныпта білім алуда.
Үйде оқытумен қамтылған оқушылардың жеке ерекшелітеріне қарай, бейімделген оқу бағдарламасымен 6 оқушы, арнайы жеке оқу бағдарламасымен 4 оқушы, жалпы білім беру бағдарламасымен 6 оқушы білім алуда. 
Мұғалімдер жеке бағдарламаны құрастырып баланың жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін қолдана отырып білім беру ұйымдарына арналған арнайы типтік бағдарламаларға негіздеп, жұмыс жүргізуде.



Итоги по успеваемости и качеству знаний обучающихся за 2 четверть 2024-2025 уч. года
На конец 2 четверти , согласно контингента школы обучаются 1370 учеников.
Согласно контингента в школе обучается 469 учеников с 1- 4 класс, с 5-9 обучается 768 человек , с 10-11 классы обучается 132 ученика. 
Средний процент качества знаний по школе составил на конец 2 четверти - 65,5 % , что на 3% выше, чем по итогам 1 четверти этого учебного года . 
По итогам 2 четверти успеваемость и качества знаний в параллелях обучающихся 2- 4 классов насчитывается 73 отличника учебы, 184 ударника.  
Среди параллелей 5-9 склассов – 55 учеников обучающихся на « отлично», 430 ударника. 
В параллели 10-11 классов – 11 отличников , 68 ударников.
Динамика роста результативности качества знаний обучающихся в сравнении с итогами 1 четверти учебного года , составляет +3 % 
В сравнении с итогами 2 четверти прошлого учебного года во 2 четверти этого уч.года наблюдается динамика роста результативности на +3,5%.

2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың ҰБТ мен еңбекке орналасуы бойынша мәлімет



11 сынып бітірген барлық оқушы саны-51;
ҰБТ тапсырған оқушы саны-37
ҰБТ тапсырмаған оқушы саны-14
ҰБТ тапсыру бойынша орташа ұпай: 2022-2023-76%, 2023-2024-76,6%
Грантқа түскендер саны-13 оқушы , оның ішінде 6 оқушы Ресейге оқуға түсті.
Ақылы оқуға түскендер саны- 24;
Колледжге түскендер саны- 4;
Дайындық курсына-1 ;
Оқуға түспегендер саны- 9;
 ҰБТ- ден ең жоғары ұпай- 108, ең төменгі ұпай- 9.

9 сыныптар бойынша барлық оқушы саны-142, колледжге оқуға түскені-54, 10 сыныпқа қалғаны- 74, басқа мектепке ауысқаны-14

Биылғы оқу жылында 11 сыныпта -59 оқушы оқиды.
І жартыжылдықта ҰБТ-ге дайындық бойынша тапсырылған сынама тестілеудің қорытындысы:
      11 А сыныбы- 47 %
11 Б сыныбы- 36,6 %
11 В сыныбы- 36 %
11 Г сыныбы- 41 %- ды беріп отыр 
11 сынып оқушылары сынама тестті айына 2 рет тапсырады.
2025 жылы өткізілетін қаңтар тестілеуіне 59 оқушыдан 43 оқушы ғана тіркелген, 16 оқушы әр түрлі себептермен тіркелмеген. 11 сынып оқушылары ҰБТ тапсыруға 5 мүмкіндік беріледі.Оның ішінде 3- ақылы түрде, 2- ақысыз түрде.
Ақылы түрде тапсыру мерзімі қаңтар, наурыз тамыз айларында. Қатысу бағасы 5640 теңге.
Ақысыз түрде тапсыру мерзімі мамыр, маусым айларында.
Құрметті 11 сынып ата-аналары балаларымызға сынама тестін тапсыруға ақылы түрде болсада барынша мүмкіндік жасап берулеріңізді сұранамыз.
Мектебіміздің тәрбие жұмысына келетін болсақ:
«Біртұтас тәрбе» бағдарламасы негізіндегі құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:  
КҮНДЕЛІКТІ:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.
«Өнегелі 15 минут» –ата-аналардың баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. 
«Үнемді тұтыну»–жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
«Күй күмбірі» –қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдату.


АПТА САЙЫН:
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Аптаның дәйексөздері–бүкіл ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, тақталарда орналастырылуда.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру, әңгіме өткізу.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда.
Бағдарлама аясында енгізілген жобаларға келер болсақ,
жобалар – бұл білім беру мен қоғамның әртүрлі аспектілерін жақсартуға, білім алушыларды, ата-аналарды, педагогтерді профилактикалық іс-шараларға тарту арқылы жеке құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған білім беру бастамалары.
 «Балалар кітапханасы» жобасы. Мақсаты: кітап оқуға және білім алуға қызығушылықты қалыптастыру. 
 «Ұшқыр ой алаңы» жобасы. Мақсаты: тілдік дағдыларды дамыту және тақырыптық талқылау арқылы құндылықтарды дәріптеу. 
«SMART BALA» жобасы. Мақсаты: инновациялық жобалар конкурсы арқылы құндылықтарды дәріптеу. 
«Шабыт» жобасы. Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу .
 «Қамқор» жобасы. Мақсаты: әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы құндылықтарды дәріптеу. 
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы. Мақсаты: білім алушылардың әртүрлі мамандыққа деген қызығушылығын арттыру және еңбекқорлық идеясы арқылы құндылықтарды дәріптеу. 

Позитивті ата-аналар мәдениетін қалыптастыру мақсатында Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының жұмысы ұйымдастырылып, арнайы кабинет ашылды. Жоспар бойынша ай сайын 1-4, 5-9, 10-11 сынып ата-аналарына сабақтар өткізілуде. Сонымен қатар, «Даналаық мектебі» клубы, «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», әжелер кеңесі мектептерінің жұмысы ұйымдастырылып, жартыжылдықта 4 іс-шарадан жоспар бойынша өткізілуде.
Сондай-ақ, оқушылық өзін-өзі басқару ұйымдары «Мектеп Парламенті», «Жас ұлан», «Адал ұрпақ», «Қыз Жібек», «Жас жол инспекторлары» мен «Жасыл клуб» еріктілер ұйымының жұмысы жүргізілуде. 
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Білім мен тәрбие тоғысқан мектебіме-80 жыл» мерейтойын өткізу жоспарланып, дайындық шаралары басталды. Барлық ата-аналар мен оқушылардың, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектерін белсене қатысуға шақырамыз. Мерейтой мен мектеп өміріне байланысты іс-шаралардың ақпаратын мектебіміздің ресми әлеуметтік желілерінен хабарлайтын боламыз. 
Сонымен қатар, мектебімізде құқықтық тәрбие бойынша алдын алу шараларының 6 әлеуметтік жобалары іске асырылуда: 
Олар “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам" жобасы, “Буллингтен қорған!" жобасы, "Ойынға салауатты көзқарас" жобасы, Өмірге салауатты қадам" жобасы, "Қоғамдық мүлікті қорға!" жобасы, "Қауіпсіз қоғам" жобасы. Жоба жетекшілері бекітілген, жұмыс жоспары бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Құқықтық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар жайына клетін болсақ 

2024-2025 оқу жылының басында оқушылар контингенті 1395 оқушыны құрады, оның ішінде полиция есебінде-3, мектепішілік есепте-7 оқушы. Бірінші жартыжылдықтың соңында контингент 1370 құрайды, оның ішінде полицияда есепте-1, мектепішілік есепте -10 оқушы тіркелген.
Мобильді топ мүшелері төбелестің, құқық бұзушылықтың және т.б. алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар, мектеп бойынша үнемі рейдтер жүргізілуде. Айына бір рет полиция, прокуратура өкілдерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылған.
       Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектеп Кеңесінің отырыстары өткізілуде. Қарастырылған мәселелер: оқушылар арасындағы төбелес, мектеп формасын сақтау, мектепішілік есепке алу. 
Мектеп тарапынан оқушыларға мектеп формасын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, пышақтау-кесу заттарына тыйым салу, ұялы телефондарды сабақта пайдаланбау бойынша әңгімелер үнемі жүргізілуде.
Қазан айында есепте тұрған оқушылар арасында әскери-спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Біздің мектеп оқушылары қалалық байқауда екінші орынға ие болды.
Қараша айында полиция өкілдерімен және ардагерлер кеңесінің мүшелері оқушылармен кездесуі өтті. 
Мектеп психологы Д. Маматаева директордың құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Р. Т. Толендиевпен бірлесіп 7-8 сынып оқушылары арасында тестілеу өткізді.
 Желтоқсан айында біздің мектеп оқушылары үшін арнайы мектепке экскурсия ұйымдастырылды. Балалар арнайы мектептің тәрбиеленушілерінің тұру және оқу жағдайларымен танысты.  
Ай сайын Салауатты Өмір Салты орталығының, есірткі диспансерінің, психо-неврологиялық диспансердің бекітілген мамандарымен кездесулер өткізіледі. 

        Оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру

 2024 -2025 оқу жылында қыркүйек айынынан бастап 5-11 сынып аралығында аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 257 оқушы, 1-4 сынып бойынша 497 оқушы жаппай тегін ыстық тамқпен қамтылды Тегін ыстық тамақ бойынша ата-аналардың өтініштері күнделікті қабылданады, құжат сәкес келген жағдайда тегін ыстық тамақ тізіміне қосылады. 
        Оқушылардың сапалы тамақтануын қамту мақсатында оқу жылының басында бракераждық комиссия құрылған. Жыл бойында айына 4 рет бракераждық комиссия мүшелері асханадағы тағам өнімдерінің сапасын, олардың сақталу шарттарының орындалуын, ас мәзірінің дайындау технологиясын бақылап келеді. Әлеуметтік желілерде және де ватсап желісіндегі Администрация и родители тобында үнемі ата-аналардың алдында есебін береді. Әр күннің ас мәзірі әр түрлі. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттар - май, көмірсу, болуы тиіс, сондықтан тамақ рационында витаминдер мен микроэлементтер қарастырылған. Тамақ нәрлілігі оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай.
           1 жартыжылдық қорытындысына сүйенсек 5-11 сынып оқушылары арасында тегін ыстық тамқпен 267 оқушы қамтылды. 1-4 сынып бойынша 468 оқушы жаппай тегін ыстық тамақпен қамтылды.
      Ата-аналардан түскен өтініш бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны өзгеріп отырады.
     Көп балалы отбасы, аз қамтылған отбасы, жайсыз отбасы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жыл бойы демеушілер тарапынан қайырымдық қамқорлық акциясы ұйымдастырылып көмек көрсетіліп отырады. Биылғы оқу жылынан бүгінгі күнге дейін 58 отбасына көмек көрсетілді. (азық- түлік, сабақ құралдары, киім кешек т.б)
Демеушілеріміздің көмегімен көп балалы, аз қамтылған және денсаулығына байланысты үйден оқытылатын 29 оқушымызға жаңа жылдық тәттілер табысталды.


Р/с
Әлеуметтіксанаттар
Саны

1
Ата-анақамқорлығынсызқалғаноқушы саны
8

2
Потранаттықтәрбиедегіоқушы саны
3

3
Жайсызотбасындағыоқушы саны
6

4
Өгейанаментұратыноқушы саны
2

5
Өгейәкементұратыноқушы саны 
24

6
Сенімхатпентұратыноқушы саны
15

7
Көмекалғанотбасы саны
58


Материалдық базаны нығайту мәселесіне тоқталсақ
Биылғы жылы мектепте 53 оқу кабинеті бар, оның ішінде информатика кабинеті - 5, жаңа модификациялық физика, химия кабинеттері бар. Мектеп бойынша мәжіліс залында, фойеде және кабинеттерде 5 интерактивті панель орнатылған. 40 дана өртсөндіргіш құралы қайта толтырылды. Мектепте санитарлық – тазалық жағдайы сақталынған. 2024жылға қалалық білім бөлімі тарапынан қарастырылған қаражаттар; 
1400000 мыңтеңге ағымдағы жөндеу жұмыстарына тендер арқылы бөлінді. Оған ақ, қоңыр краскалар, гипс, щеткалар эмульсия, алифа, растворитель, әк алинекс, гипсополимер т.б құрылыс материалдары бөлінді.
Шаруашылық товарларына 400,000 мың теңге тендер арқылы бөлінді. Оған сабын, порошок, күрек, тырма, тряпка, комет, қолғап т.б щаруашылық заттар әкелінді.
  Спорт товарларына 160 000 теңге бөлінді. Оған футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, шахмат, скакалка берілді . 
127 кг хлордезинге 200 000тг бөлінді. 
 Кенсе заттарына 200000 мың теңге бөлінді. 
Мектептің шатыры дәріленді, мектептің іші дезинфекция жасалынды. Жылу қысымы тексерілді.
 Қалалық білім бөлімінен қыздар көркем еңбек кабинетіне 5 тігін машинасы, 1 миксер, 1 холодильник, 1 электрлік плита, 1 микроволновый пеш, 15 парта 30 орындық берілді.
Алғашқы әскери дайындық кабинетіне стол, орындық, стендттер берілді. 2024жылдың қыркүйек айында қалалық білім бөлімінен тендер арқылы қаражат бөлініп, мұздай су құбырларына 6 396 117 тг, жылу жүйелеріне, батареяларына, құбырларына 11 000 000 тг бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Демеушілік көмек берілген заттар: шырша, шахматқа арналған 2 стол және 4 орындық, шахматтар интернет таратқыш (роутер), жылжымалы тақта орнатқыш кронштейн алынды. 
 Әжетхана есіктері жөнделді, 4 дана унитаз ауыстырылды.  
Алдағы уақытта бастауыш сынып орналасқан В ғимаратқа толық капиталды ремонт сұрастырылып отыр.
 
                                        Назарларыңызға рахмет!